25 жастағы қарағандылық кәсіпорыннан бағалы заттарды ұрлап кетті
25 жастағы қарағандылық кәсіпорыннан бағалы заттарды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қыркүйекте ЖШС бірінің басшысы Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне арызбен жүгінді. Белгісіз біреу кәсіпорынның жабдықтары мен қосалқы құралдарын сақтайтын қоймаға кіріп, көліктен екі қар тазалағыш пен алты дөңгелекті ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 5 миллион 110 мың теңгені құрады.
Оқиға орнында орнатылған бейнебақылау камераларын қарау кезінде ұрының іс-әрекеті анық көрінген. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
8 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 25 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.