Алматы полициясы қайтыс болған ІІО қызметкерлерінің отбасына көмек көрсету орталығының басшысына құрмет көрсетті
Алғыс айту күні Алматы полициясы қайтыс болған ІІО қызметкерлерінің отбасына көмек көрсету орталығының басшысына құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиын Алматы қалалық полиция департаментінде салтанатты жағдайда өтті.
Оған «Мүгедектерге және қайтыс болған құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсету орталығының» басшысы Асылбек Османов, қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерінің жесірлері мен ПД бөлімшелерінің жеке құрамы қатысты.
Жас полицейлер ең алдымен орталықтың қызметімен және осы қоғамдық бірлестіктің қалыптасу тарихымен танысты.
– Іс-шараның мақсаты – қауіпсіздік пен тәртіп үшін жанын пида еткен аға әріптестерінің ерен ерлігі үлгісінде өскелең ұрпаққа патриоттық және рухани тәрбие беру. ПД басшылығы мен жеке құрамы атынан «Мүгедектерге және қайтыс болған құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсету орталығының» қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Асылбек Османов – белсенді өмірлік ұстанымы бар, парызын жоғары сезінетін, әділдік пен заңдылық идеалдылығына адал берілген адам, ол орталықтың басшысы ғана емес – оның жаны мен өзегі. Оның адамдарға деген көзқарасы біз үшін нағыз үлгі. Жүректеріңіздегі жанашырлық пен мейірімнің сарқылмайтынын күн сайын, сағат сайын өз үлгілеріңізбен дәлелдеудесіздер, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.
«Мүгедектерге және қайтыс болған құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсету орталығы» 1995 жылы құрылған.
Қазіргі уақытта орталық қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына моральдық және материалдық қолдау көрсететін Қазақстандағы алғашқы қайырымдылық ұйымдардың бірі болып табылады.