Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы қалалық адвокаттар алқасымен меморандумға қол қойды

Алматы полициясы қалалық адвокаттар алқасымен меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті мен Алматы қалалық адвокаттар алқасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

– Алматы қалалық Полиция департаменті мен Алматы қалалық адвокаттар алқасы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға деген ұмтылыс негізінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға үлкен мән бере отырып, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа ала отырып, сотқа дейінгі тергеу, әкімшілік іс жүргізу және оларды шешуде өз құзыреті шегінде туындаған процедуралық мәселелерді талқылауда бір-біріне көмек көрсететіндіктерін, сонымен қатар, азаматтардың, сотқа дейінгі тергеуге қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер және құқық бұзушылықтардың алдын алуды жариялады, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Спикердің айтуынша, осы Меморандумды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты орнату Алматы қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасы мен Анықтау басқармасына, Алматы қалалық адвокаттар алқасы жағынан Алматы қалалық адвокаттар алқасының қаулысымен құрылған сот және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл мониторинг тобына жүктелген.

– Бұл құжат тараптардың жаңа заңды міндеттемелерін тудырмайды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген міндеттемелерге әсер етпейді. Оның ережелерін жүзеге асыру өзара қолайлы шешімдерге қол жеткізуге үнемі ұмтылуымен және осы Меморандумның достық рухымен сипатталуы керек, – деп түйіндеді Әбдрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру