Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы: «Қазақстан» қонақ үйіндегі караоке-бар карантинде қонақтарды қабылдаған

Алматыда қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінің жоғарғы қабатында орналасқан караоке-бар, қонақтарды карантинде қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы мобильді топтың бұл мекемеге келуі түн ортасына жақын болды.

Броньдау тізімінен ән айтқысы келгендерді күзетшілер барға дейін апаратын бір лифтке нұсқап жіберіп отырған.

Тексеру кезінде караоке-клубта 35 адам болған. Олар жеке қауіпсіздік шараларын ұмытып кеткен сияқты.

ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес әр құқық бұзушыға қатысты ДККБТУ қызметкерлері әкімшілік материалдарды жинады. Естеріңізге сала кетейік, санаторий-эпидемиологиялық талаптарды елемегені үшін заңнамада 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру