Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Газбаллонды қондырғылармен жабдықталған көліктердің қауіпсіздік шараларын түсіндірді полицейлер

Газбаллонды қондырғылармен жабдықталған көліктерде өрт пен жарылыстардың алдын алу мақсатында Алматы облысының полицейлері түсіндірме жұмыстарды жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Қосымша газбаллонды жабдықты тек мамандандырылған орталықтарда орнатылу қажет. Сондай-ақ, көлік құралын уақытылы техникалық қадағалаудан өткізулуін, газбаллонды қондырғылармен жабдықталған автомобильді жақсы желдетілетін аумақта тұрақталуын, көлік құралын ұзақ уақыт тұрақтандырған жағдайда газ баллондағы клапандарын жабылуын қадағалау қажет. Көлік салонында әрдайым өрт сөндіргіш болу, – деп түсіндіріп өтті Алматы облысы ПД әкімшілік Полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.

Мұнымен қоса, тыйым салынатын жайттар бар. Мәселен, газбаллонды тексеру уақыты өткен көлік құралын қолдануға; газ қондырғысының істен шығуы немесе газдың шығуы кезінде қозғалтқыштың жұмыс істеуіне; газбаллон қондырғысы істен шыққан көлікті жабық үй-жайға қоюға; газбаллонды көлікті ашық вентелді блокты гаражда сақтауға.

– Егер автокөліктің ішінде немесе көліктің жанында газ иісі пайда болғанда баллондағы барлық газ клапандарын дереу жауып, көлікті адамдар аз жерге тоқтату керек. Одан кйін көлікті сөндіруден кейін жолаушыларды түсіріп, баллондағы газды ауаға шығару қажет. Бензинге ауыстырып, ақаулықты жою үшін мамандандырылған орталыққа жүгінуге кеңес береміз. Ал өрт туындаған жағдайда дереу көлікті сөндіріп, ағынды қақпақшаны жауып, өртті өрт сөндіргішпен немесе құммен сөндіруге тырысу қажет, – деп толықтырды Нұржан Таңатаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру