Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы «Ql-Trade Kazakhstan» ЖШС салымшыларын полицияға келуге шақырады

Алматы қаласының Полиция департаменті  «Ql-Trade Kazakhstan» ЖШС салымшыларын полицияға келуге шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда  Алматы қалалық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы «Ql-Trade Kazakhstan» ЖШС басшылығы жасаған ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

– 2020 жылдың 14 желтоқсанында Медеу аудандық Полиция басқармасына қаржы пирамидасын құру және басқару туралы ұжымдық өтінішпен аталған ЖШС-нің 99 салымшысы  жүгінді. Қазіргі уақытта алаяқтық құрбандарының саны айтарлықтай артты, эпизодтар елдің басқа қалаларында да анықталды. Күдікті азамат халықаралық іздеуде. Аталған ЖШС салымшылары болып табылатын азаматтарды Алматы қаласы Масанчи көшесі 55 мекенжайына келуге немесе 254-43-80, 254-49-82, + 7-777-250-68-37, + 7-707-555-50-87 немесе «102» телефондары арқылы хабарласуға шақырамыз, – деп түйіндеді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Абдрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру