Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы қызметтік иттердің жұмысын көрсетті

Алматы полициясы қызметтік иттердің жұмысын көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы ҚР ІІМ кинологиялық орталығына “Аяжан” медициналық колледжінің студенттері келді.

Іс-шара “Наркостоп” қоғамдық қозғалысының көмегімен өтті.

Болашақ медицина қызметкерлеріне іздестіру иттерінің жұмысы және оларды есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте қолдану мүмкіндіктері көрсетілді. Жастар кинология қызметкерлерінің жұмысымен танысып, ізкесушілерді оқытуға жеке қатысуға мүмкіндік алды. Шараның мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және заңсыз көріністерге ымырасыз көзқарасты қалыптастыру, былайша айтқанда, салауатты иммунитетті қалыптастыру, - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Әлмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру