Алматы полициясы Шу тұрғынынан ірі көлемдегі есірткіні тәркіледі
Алматы полициясы Шу тұрғынынан ірі көлемдегі есірткіні тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда Алмалы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері «Участок» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде есірткі заттарының ірі көлемі бар ер адамды ұстады.
– Біздің ауданымызда орналасқан пәтерлердің бірінде есірткі заттарының жағымсыз иісі шығатыны және осы пәтердің айналасында үнемі күдікті адамдардың айналып жүретіндігі туралы жедел ақпарат алдық. Ақпарат расталды. Бұл пәтерді, 1989 жылы туған Б.есімді азаматтың жалға алатындығы белгілі болды. Тұрғын үйді тінту кезінде қалтаға оралған есірткі заттары табылды. Күдікті қамауға алынды. Ол Жамбыл облысы, Шу ауданының тұрғыны болып шықты. Ер адам жұмыс істеу үшін Алматы қаласына келген. Ол өзімен бірге шаһар аумағына тарату үшін гашиш түріндегі есірткілерді алып келген. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 келі 670 грамм болды, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.