Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ер адам қамаққа алынды

Жамбыл облысының полицейлері мал ұрлығына қатысы бар күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 18 қазанында Жуалы ауданының полиция бөліміне осы ауданның 27 жастағы тұрғыны ауласындағы мал қорадан жылқысының ұрланғаны туралы шағымданған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 миллион теңгені құрайды.

Аталған дерекке қатысты жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Жуалы ауданының 54 жастағы азаматы ұсталды. Күдікті жасаған қылмысын толық мойындап, Тараз қаласындағы уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған ұқсас тағы бір мал ұрлығы ашылды.

Ағымдағы жылдың 18 қазанында Жуалы АПБ-не Жуалы ауданы Шақпақата ауылының тұрғыны қазан айының 16-нан 17-не қараған түні белгісіз біреу ауладағы мал қорадан жылқысын жасырын ұрлап кеткені туралы шағымданған. Келтірілген материалдық шығын құны 600 мың теңгені құрайды.

Жедел іздестіру барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Тараз қаласында тұратын Жуалы ауданының тумасы ұсталып, кінәсін толығымен мойындады. Қазіргі уақытта Тараз қаласындағы №13 тергеу абақтысына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру