Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері ұрлық жасамақ болған жасөспірімдерді ұстады

СҚО полицейлері  ұрлық жасауға оқталды деген күдікпен жасөспірімдерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қарашаға қараған түні полицияға Тайынша ауданы Келлеровка ауылының тұрғыны оған тиесілі дүкен терезесінде шам жарығын байқағаны туралы жүгінді. Шақыртуға учаскелік полиция инспекторы және оның көмекшісі келген.  Олар 2005 және 2006 жылы туған екі жасөспірімді ұстады, үшіншісі полицейлер келген кезде ізін суытқан.

Ол Тайынша аудан орталығының 15 жастағы тұрғыны болып шықты.  Бұзып кірген терезенің астында түрлі тауарлар салынған сөмкесін қалдырып кеткен. Сөмкенің ішіндегі заттардың басым бөлігін алты блок сигарет,  бір қап қара темекі және 19 қорап сағыз құрады.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 188-бабы 3-б. (Ұрлық) бойынша енгізілді. Жасөспірімдер ата-аналарының кепілгерлігімен босатылды. Олар балаларының әрекеттері үшін қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

– Осындай фактілердің жасалуына жол бермеу үшін ювеналдық полицейлердің жұмыстары күшейтілді, – деп хабарлады Тайынша ауданының ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтанов. – Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторлары аудан кәсіпкерлерімен жұмыс жүргізуде.  Оларға бизнес-объектілерін техникалық нығайту туралы ұсыныс хаттар жолданады. Дабыл мен бейнебақылау камералары – ұрлықтың алдын алудағы тиімді шара. Тәжірибе көрсеткендей, қаскөйлер заманауи техникалармен жабдықталған дүкендерді айналып өтеді.

СҚО-да жыл басынан жасөспірімдермен 30 қылмыс жасалған. Оның басым бөлігі – ұрлық. Қашықтықтан оқыту жағдайында жасөспірімдердің уақытының басым бөлігі үлкендердің қарауынсыз, қадағалауынсыз өтеді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар профилактикалық жұмысты аулаларды аралау түрінде жандандыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру