Алматы полициясы Терренкур аумағында велосипедпен және самокатпен жүруге тыйым салынғанын еске салады
Алматы полициясы Терренкур аумағында велосипедпен және самокатпен жүруге тыйым салынғанын еске салады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қалалық Полиция департаменті шаһардың тұрғындары мен қонақтарына велосипед пен самокаттардың «денсаулық жолы» бойымен жүруіне тыйым салуға ерекше назар аударады.
– Бұл саябақтың аумағында тиісті жол белгілері бар. Бірақ, өкінішке орай, тәжірибе көрсеткендей, бұл жол қозғалысы ережелері еленбейді. Бірақ мұндай немқұрайлылық азаматтарға нақты қауіп төндіреді және қайтымсыз салдары бар апаттарға әкелуі мүмкін. Терренкур – тек жаяу жүргіншілер аймағы және біз талаптардың қатаң сақталуын бақылаймыз. Бұл үшін жаяу патрульдер мен учаскелік полиция инспекторлары саябаққа бағытталады, – деп түйіндеді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Спикердің айтуынша, егер де заң бұзушылықтар анықталса, полиция оны жасаған адамдарға қатысты әкімшілік хаттама жасайды.
– Біз жол қозғалысының қатысушыларын бір-біріне мұқият болуға шақырамыз. Ал қарт адамдар мен кішкентай балалары бар әйелдердің Терренкур бойымен жүретінін ескеретін болсақ, бұл назар мен сақтықты екі есе арттыру керек, – деді Алмасбеков.