Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде кәмелетке толмаған жүргізуші жол апатын жасады

Ақтөбеде кәмелетке толмаған жүргізуші жол апатын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 тамыз күні сағат 05.20-да Lada 21154 автокөлігінің 17 жастағы жүргізушісі көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлға бола отырып, М. Шоқай көшесімен Тәуелсіздік көшесінің қиылысында жүріп келе жатып жол жиегіне соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оның кәмелетке толмаған екі досы Ақтөбе қаласындағы ОБКА-ға жеткізілді.

Кәмелетке толмаған балаларыңызға көлік құралдарын сатып алмаңыз және оларды басқаруға рұқсат бермеңіз. Бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Заң бойынша кәмелетке толмағандардың  жүргізу құқығынсыз басқарғаны үшін олардың ата-аналары жауапты болады. Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін (оқумен жүруді қоспағанда) елу АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру