Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы жол жүру ережелерін бұзған көлік кортежін құрықтады

Алматы полициясы жол жүру ережелерін бұзған көлік кортежін құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше көлік болып тізбектеліп жол жүру ережелерін өрескел бұзған көлік кортежінің жолын калалық жергілікті полиция басқармасының мамандандырылған арнайы батальон қызметкерлері кесті. 8 көліктен құралған кортеж жүргізушілеріне қатысты 11 әкімшілік хаттама толтырылды.

Олар жолда апатты жағдай тудырғаны, өзге жол қозғалысы қатысушыларының жолын кескені үшін техникалық тексеру қағаздарының жоқ болуы, жол белгілері талаптарын сақтамау сияқты өрескел ереже бұзғандықтары үшін айыппұл төлейтін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру