Алматы полициясының басшысы қайтыс болған әріптестерінің отбасыларына барды
Алматы полициясының басшысы қайтыс болған әріптестерінің отбасыларына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің бастығы қайтыс болған әріптестерінің отбасына Қазақстан полициясы күніне орай барып қайтты.
– Әріптестеріммен бірге 2011 жылдың қаңтарында қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан Ришад Әбішевтің, сондай-ақ, 2006 жылдың күзінде қылмыстың жолын кесу кезінде пышақ жарақатын алған Еділ Қасымовтың жұбайлары мен балаларын мерекемен құттықтадық. Өкінішке орай, тәуелсіздік жылдарында 32 алматылық полицейлер қызметтік міндеттерін орындау барысында, қылмысқа қарсы күресте қайтыс болды. Біздің қасиетті борышымыз – олардың есте сақтау және құрметтеу, олардың ерліктерін мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізу және отбасыларын барлық жағынан қолдау, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Спикер, сондай-ақ, лейтенант Әбішевтің әйелі, Айжан, күйеуі қайтыс болғаннан кейін оның жұмысын жалғастыруға бел буып, қазақстандық полиция қатарына қосылғанын еске салды. Бүгінде екі қыздың анасы Алатау ауданының Полиция басқармасында жемісті қызмет етуде. Ол – полиция майоры.