Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада Макаров тапаншасынан оқ атудан жарыс өтті

Қызылордада Макаров тапаншасынан оқ атудан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Полициясы күніне орай Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының Кубогына арналған құқық қорғау органдары арасында “Динамо” спорт кешенінде Макаров тапаншасынан оқ атудан жарыс өткізілді. Жарыс ПД Арнайы жұмылдыру даярлық басқармасымен ұйымдастырылды.

Жарысты 18 команда қатысты, Полиция департаментінен бес құрама команда, Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан үш құрама команда, ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің құрама командасы, аудандық полиция бөлімдерінің құрама командалары, Қызылорда облысы ҚР ІІМ-нің Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының және Қызылорда облысы Желілік полиция бөлімінің құрама командалары қатысты.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бірінші орынды Қазалы ауданының полиция бөлімінің құрама командасы иеленсе, екінші орынды Қызылорда қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының құрама командасы жеңіп алды, ал үшінші орынды ПД Әкімшілік полиция басқармасының құрама командасы  алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру