Алматы қалалық ПД-да «Парасатты полицей» байқауы өтті
Алматы қалалық ПД-да «Парасатты полицей» байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Алматы қалалық Полиция департаментінде патриоттық рухында және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданысы мен оқу аясын кеңейту мақсатында полиция қызметкерлері арасында дәстүрлі «Парасатты полицей» байқауы өтті.
Байқауға 50-ден астам түрлі ұлт өкілдерінен құралған полиция қызметкерлері қатысты. Олар әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды орындауда және кәсіби терминдерді білуде шеберліктерін, әртістіктерін, тапқырлықтарын және мемлекеттік тілде өз ойын әдемі, дұрыс жеткізе білуді, сондай-ақ дарындары мен шығармашылық қабілеттерін де көрсетті.
– «Парасатты полицей» байқауы ҚР Конституциясы күніне, Қазақстан халқының тілдері Күнін мерекелеуге арналған. Мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді дамыту. Байқау жоғары деңгейде өтті. Бүгін қатысушылар кәсіби шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, дарындылығымен де көзге түсті, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын ЖҚАЖ командасына, екінші орын Алмалы аудандық Полиция басқармасының командасына, үшінші орын Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлеріне бұйырды.