Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қоймадан генератор ұрлап кеткен ер адам құрықталды

Түркістан облысында қоймадан генератор ұрлап кеткен ер адам құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шардара АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, оның қоймасына ұры түскен. Яғни, құрылыс заттары тұратын қойманың есігін белгісіз біреу бұзып ашып, қойма ішінде тұрған шөп турайтын генераторын жымқырып кеткен. Шығын көлемі – 300 мың теңге.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Нәтижесінде күдікті ер адам тәулік ішінде анықталды. Тексеру кезінде күдікті ұрлап алған құрылғыны 50 мың теңгеге бас пайдасының қажеттілігіне жұмсап жібергені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру