Алматы қалалық ПД-да жас полицейлерге алғашқы офицер шені табыс етілді
Дәстүр бойынша Алматы қалалық ПД-да департамент бастығы Арыстанғани Заппаровтың қатысуымен салтанатты табыстау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаладағы тәртіпті тәулік бойы қамтамасыз ететін офицерлер қатарына жас ұл-қыздар қосылды: 50 тәртіп сақшысы лейтенант шендерін алды.
– Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілік сіздерге жүктеледі және қылмыспен жанқиярлық күресте алдыңғы қатарда сіздер жүресіздер. Әрқайсыңыз жүрегіңіздің үнімен қазақ полициясының қатарын толықтырдыңыздар. Анттарыңызға, халқыңызға адал болыңыздар! Сіздердің өмірлеріңіздегі айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын, құрметті әріптестер!, – деді Арыстанғани Заппаров.