Алматы қаласы Алатау ауданының полицейлері қолында кішкентай балалары бар отбасыларға көмектесті
Алматы қаласы Алатау ауданының полицейлері қолында кішкентай балалары бар отбасыларға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2013 жылдан бастап Отбасы күні Қазақстан Республикасында қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтіледі. Биыл бұл мереке 13 қыркүйекке сәйкес келеді.
– Оның қарсаңында «Өмірде ең қымбат нәрсе – отбасы» науқаны өтті. Бұл жолы біздің бөлімнің қызметкерлері сыйлықтармен көп балалы және аз қамтылған, кішкентай балалары бар, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар тұратын «Береке Сити» типтік жатақханаға барды. «Береке» қоғамдық қоры көмек ретінде мұндай отбасыларға балалары үш жасқа толғанға дейін уақытша тегін баспана берді. Бұл массивте ойын алаңы бар. Біздің жеке құрамның атынан Қорға балалардың ойыншықтары мен балалардың бос уақытын өткізуге арналған спорттық жабдықтар берілді. Ақпарат үшін, қор өз қызметін 2010 жылы бастаған. Мақсаты – мұқтаж отбасыларға көмек көрсету. Халықтың әлеуметтік осал топтары: аз қамтылған отбасылар, жесірлер мен жетімдер, мүгедектер осы қордан көмек сұрай алады, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.