Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада түнгі мезгілде бақылаусыз жүрген 61 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Қызылордада түнгі мезгілде бақылаусыз жүрген 61 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полицияға жүктелген міндеттердің бірі – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққан уақытта жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын жергілікті полиция қызметінің жұмысы екі есе көбейеді. Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы және түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босаған уақытта жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді.

Бұл бағытта жыл басынан Қызылорда облысы  Полиция департаментінің Қармақшы аудандық полиция бөлімімен түнгі мезгілде жүрген 61 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік шаралар көрілген.

Әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру