Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-да салтанатты іс-шара өтті

Отан қорғаушылар мен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаныңда, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ардагерлерге құрмет көрсету ҚАЖ саласында дәстүрге айналған игі шаралардың бірі. Іс-шараға арнайы соғысқа қатысушыларға теңестірілген ардагерлер, еңбек майданының қатысушылары, жауынгер-интернационалистері және ҚАЖ ардагерлері, сонымен қатар департаментке қарасты мекеме және пробация басшылары шақырылды.

Салтанатты жиын ҚР әнұранымен басталды. Департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков құттықтау сөз сөйледі.

Шақырылған ардагерлерге құрмет көрсетіліп, алғысхат пен ақшалай сыйлықтар тарту етілді. Сонымен қатар қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бір қызметкер мерзімінен бұрын арнайы атағын алса, бір қызметкер арнаулы атағынан бір саты жоғары атағын алды.

“Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” медаліне екі қызметкер иеленіп, тағы екі қызметкер “Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төс белгісін алды. Бұған қоса ІІМ алғыс хатына 1 қызметкер, грамотасына 5 қызметкер ие болды. ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен 9 қызметкерлер марапатқа ие болды.

– Қанша жыл өтсе де соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлердің ерлігі ұмытылмайды. Халқымыз елінің, жерінің қорғаны болған батырларын ерекше ардақтап, құрмет тұтқан. Бұл күн – ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісі болған, отты жолдармен өткен жауынгерлер алдында тағзым ететін күн. Елімізде бейбітшілік пен тыныштық мәңгі болсын, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Қайрат Дәлбеков.

Мерекелік іс-шара салтанатты концерттік бағдарламамен жалғасты. Қызметкерлер әскери әндер орындап, ардагерлер өз кезегінде мерекелік лебіздерін білдіріп, жастарға өсиет ақылдарын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру