Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-да үздік жасақ бастығы анықталды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелер арасында үздік жасақ бастығы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқауға департаменттің барлық мекемелеріндегі жасақ бастықтары қатысып, «Үздік жасақ бастығы» атағын жеңіп алу үшін өздерінің кәсіби шеберліктерін сынға салды. Байқауға қатысатын жасақ бастықтарының қызметте оң сипатталатындары іріктелінді. Жасақ бастықтарына қойылатын негізгі талап – өзі атқарып отырған қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білу және тәжірибеде шебер қолдану, дене және жауынгерлік даярлық, алғашқы медициналық көмек көрсету, қызметтік іс қағаздарын жүргізу және ақпараттық технологиялар саласында дағдыларды сауатты түрде меңгеру.

– Байқаудың негізгі мақсаты – тәрбие бөлімі қызметкерлерінің кәсіби білімдері мен құқықтық мәдениетін арттыру. Сотталғандардың ең бірінші жанашыры – жасақ бастығы. Сотталғандармен жұмыс істеудің өзіндік ерекшелігі де, қиындығы да жетерлік. Бас бостандығынан айыру орындарына жәй адам түспейтіні анық. Олармен жұмыс істеу үшін жасақ бастықтарының кәсіби, психологиялық, моральдық және іскерлік қасиеттерін дамытудың маңызы ерекше, – дейді департамент бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Осы мақсатта өткізілген жасақ қызметкерлерінің жарысында «Үздік жасақ бастығы» атағын иеленген №57 мекемесінің жасақ бастығы Мұсылман Тажиев жеңіп алды. 2-орынды №14 мекеменің жасақ бастығы Марат Оразғалиев, 3-орынды №12 мекеменің қызметкері Дәулет Муслимов иеленді.

Жеңімпаздар кубоктармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Сондай-ақ байқау жеңімпазы Мұсылман Тажиев елордада өтетін республикалық байқауда аталған департамент намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру