Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД өткен жылды қорытындылады

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті 2023 жылғы жұмысты қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындады, – деп хабарлайды Polisia.kz

ҚАЖД бастығы полиция Қайрат Дәлбековтың басшылығымен өткен жедел-қызметтік жиынға департаменттің жеке құрамы, ведомстволық бағынысты мекемелер мен пробация қызметтерінің бастықтары мен орынбасарлары, сондай-ақ ҚАЖ ардагерлері қатысты.

Бірінші кезекте департамент бастығы жеке құрамға Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрінің 2023 жылдың қорытындысы бойынша алқа отырысында айтылған тапсырмаларын жеткізді.

Департамент бастығының орынбасарлары жедел-режимдік, тәрбие және кадр желісі, сондай-ақ өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызмет бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Тыйым салынған заттардың мекемелерге кіруіне жол бермеу, сотталғандар үшін жаңа жұмыс орындарын ұлғайту жөніндегі шаралар және алдағы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдер мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Сонымен қатар пробация қызметтерінің есебінде тұрған сотталған адамдар тарапынан қайталанған қылмыстардың алдын алу және болдырмау бойынша шаралар қаралды және қабылданды.

Қайрат Дәлбеков заңдылық пен жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтарының сақталуына, кадрларды іріктеу сапасын арттыруға және Мемлекет басшысы мақұлдаған алдағы аттестацияға дайындыққа ерекше назар аударды.

– Өткен жылы ұйымдық-штаттық өзгерістермен екі департаментті біріктіру бойынша ауқымды өзгерістер жүргізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы қаласының, Алматы және Жетісу облыстарының  қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде үздіксіз бейнебақылау енгізу жұмыстары аяқталды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және қызметкерлердің іс-әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз ету үшін 5 мыңға жуық бейнекамера орнатылды, олардың бейнелері жедел басқару орталықтарына, департаменттің және ҚАЖК ахуалдық орталықтарына, сондай-ақ прокуратура органдарына шығарылды, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Қайрат Дәлбеков.

Қорытынды отырыс барысында алдағы кезеңге арналған басым міндеттер белгіленді. Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу жөніндегі шараларды және «Заң және тәртіп» қағидасын мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ қолданыстағы бейнебақылау жүйесіне сапалы мониторинг жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру