Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полициясы облыс әкімімен 2024 жылға арналған жоспарларды талқылады

Атырау облысы полиция департаментінде облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен 2023 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жиын өтті. Жиынға департамент басшылығы және басқарма, бөлім басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басқарма басшылары қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындар тыныштығын қамтамасыз етудегі 2023 жылы атқарған жұмыстары және 2024 жылға арналған ұсыныстар мен жоспарлары талқыланды. Полиция қызметін оңтайландыру мақсатында қамтамасыз етілген материалдық-техникалық жабдықталуы, жол қозғалысының қауіпсіздігі, жасөспірімдердің құқық бұзушылығының алдын алу және өңірдегі криминогендік ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі мәселелердің өзектілігі үнемі бақылауда болатындығы айтылды.

Жиын барысында облыс әкімі Серік Шәпкенов қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі есірткі бизнесі және жол қауіпсіздігі сияқты маңызды мәселелерге де тоқталды. Жалпы, облыс көлемінде есірткінің синтетикалық жасырын тығу әдісімен сатып жүрген тұлғалардың басым бөлігі – өзге облыстан келгендер. Сондай-ақ өңір басшысы қоғамды толғандыратын мәселелерді білуге, жұртшылықтың ұсыныстарын ескеруге, құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тың жұмыстар атқару керектігін баса көрсетті. Мемлекет басшысының “Жұртқа жақын полиция” қағидатын іске асыру бойынша учаскелік полиция инспекторларының жұмысына аса мән беру керектігін де атап өтті.

Өңірдің бас полицейі Нұрхат Оразбаев құқық қорғау органдарының басты міндеті – тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңдылық пен тәртіпті сақтап, қызметте кәсібилік көрсету керектігін айта отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бағытындағы жұмыстарды одан әрі жандандыруды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру