Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қызметкерлері арасында волейболдан турнир өткізілді

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №71 мекеменің ұйымдастыруымен және департаменттің кадр бөлімінің қолдауымен қызмет бабында қаза тапқан №71 мекемесінің қызметкері Ербол Ержановты еске алуға арналған волейболдан турнир өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты шара бір минут үнсіздікпен басталды. Турнирге ҚАЖД-ға қарасты мекемелерден құралған командалар қатысты.

Іс-шараның қадірлі қонақтары қатарында қаза болған қызметкердің әкесі Іңкербаев Тілеубек, жұбайы және қызы, сонымен қатар ҚАЖ ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерғали Сағалбаев және департамент басшылығы болды.

Біздің ҚАЖ мекемелерінде алдыңғы қатардан көрініп жүрген, өз өмірлерін жиі қауіп-қатерге тігетін әріптестеріміздің тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі өлшеусіз. Қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан әріптестерімізді еске алу және құрметтеу – біздің қасиетті борышымыз. Сонымен қатар бұндай іс-шаралар қызметкерлерді салауатты өмір салтына ынталандырып, дене шынықтыру мен спортты дамытудың жақсы үлгісі саналады, - деп атап өтті ҚАЖД бастығы Қайрат Дәлбеков.

Департаменттен құралған команда жеңіске жетті. Екінші орынды күзет бөлімі иеленсе, үшінші орынды №72 мекеме командасы алды.

ҚАЖ департаментінің басшылығы ауысып жатса да, ерлікпен қаза болған әріптестерін ұмытпай, бізді де елеп-ескеріп жатқандарына қатты қуанып, алғыс айтамыз. Бүгінгі сайыс өте әсерлі болды, - деп бөлісті Ербол Ержановтың әкесі.

Жеңіске жеткен команда қызметкерлеріне кубоктар, грамоталар, медальдар және сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру