Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы аумағында "Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ" акциясы өткізіліп жатыр

2020 жылдың 12-15 қарашасы аралығында Алматы қаласы аумағында отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында орын алатын түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында республикалық "Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ" атты кең көлемді іс-шара өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шара отбасында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, отбасы құндылықтарын қалыптастыруға  бағытталған.

Алматы қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері күйзеліс орталықтарының өкілдерімен бірге сенім телефондары арқылы зорлық-зомбылық құрбандарына құқықтық кеңес береді.

Акция барысында азаматтарға Қазақстан Республикасының "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы" туралы Заңының талаптарын кеңінен түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі.

Алматы қаласының полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша төменде көрсетілген  телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды:

Алматы қаласының Полиция департаменті   254-45-99

Алмалы ауданының Полиция басқармасы  254-46-24

Алатау ауданының Полиция басқармасы  227-55-54

Әуезов ауданының Полиция басқармасы   298-53-33

Бостандық ауданының Полиция басқармасы  254-47-53

Жетісу ауданының Полиция басқармасы  254-49-43

Медеу ауданының Полиция басқармасы  254-48-66

Түркісіб ауданының Полиция басқармасы  298-54-25

Наурызбай ауданының Полиция басқармасы  254-49-48.

Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған Дағдарыс орталығына "150" немесе 87772255326 нөмірлері арқылы тәулік бойы әрі құпия түрде  хабарласуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру