Алматы қаласының полицейлері ардагерлер үйінің тұрғындарына дәрі-дәрмек сатып алды
Алматы қаласының полицейлері ардагерлер үйінің тұрғындарына дәрі-дәрмек сатып алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайырымдылық шарасы Рамазан айының соңғы күнінде өткізілді.
Тәртіп сақшылары орталықтың басшылығымен хабарласып, зейнеткерлердің сұраныстары туралы алдын-ала біліп, оларға қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алды.
- Құрметті достар, полиция қызметкерлеріне көңіл бөліп, қайырымдылық көрсеткендері үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Бұл тілектерге аталар мен әжелер де қосылады. Сіздерге жақсылық, бейбітшілік және денсаулық тілейміз, - деді "Шаңырақ" ХҚО басшысының орынбасары Жексембай Шібікеев.