Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласының полицейлері ардагерлер үйінің тұрғындарына дәрі-дәрмек сатып алды

Алматы қаласының полицейлері ардагерлер үйінің тұрғындарына дәрі-дәрмек сатып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайырымдылық шарасы Рамазан айының соңғы күнінде өткізілді.

Тәртіп сақшылары орталықтың басшылығымен хабарласып, зейнеткерлердің сұраныстары туралы алдын-ала біліп, оларға қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алды.

– Құрметті достар, полиция қызметкерлеріне көңіл бөліп, қайырымдылық көрсеткендері үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Бұл тілектерге аталар мен әжелер де қосылады. Сіздерге жақсылық, бейбітшілік және денсаулық тілейміз, – деді “Шаңырақ” ХҚО басшысының орынбасары Жексембай Шібікеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру