Алматы қаласының полицейлері заңсыз көші-қон арналарын іздеуде
Алматы қаласының полицейлері заңсыз көші-қон арналарын іздеуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 5-12 шілдесі аралығында "Келімсек-2021" республикалық жедел-алдын-алу іс-шарасының бірінші кезеңі өткізілуде. Мақсат - заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қатысты басқа да заңсыз әрекеттерді анықтау және жолын кесу.
- Іс-шараның екі күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 377 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін - 241 шетелдік, шетелдіктердің ҚР болу заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдамағаны үшін қабылдаушы 120 адам, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 16 жұмыс берушіге айыппұл салынды, - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.