Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрын сотталған ақмолалық танысына пышақ жарақатын салды

Бұрын сотталған ақмолалық танысына пышақ жарақатын салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 4 шілдеде Көкшетау қаласының қалалық ауруханасына Красный Яр ауылының тұрғыны іш қуысының көп тесілген-кесілген жараларымен жеткізілді. Дәрігерлер зардап шегушіде бүйрек және құрсақ органдарының зақымдануын белгіледі.

Қаскүнемді анықтау үшін полиция қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің танысы, бұрын сотталған 42 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Күдіктінің бірлескен ішімдік ішу және жанжал кезінде ер адамға дене жарақатын тигізгені анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заттай дәлел пышақ тәркіленді. Күдікті қамауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру