Алматы тұрғыны алғашқылардың бірі болып жеке куәлігін онлайн рәсімдеді
Алматыда онлайн құжаттаманың цифрлық қызметін алғашқылардың бірі болып пайдаланған қала тұрғынына жеке басын куәландыратын жаңа құжат салтанатты түрде табыс етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызмет 2025 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан бойынша пилоттық режимде қолжетімді. Енді әрбір азамат "eGov" электронды үкімет порталы және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жаңа жеке куәлік алу рәсімінен қашықтан өте алады. Келу тек соңғы кезеңде - дайын құжатты алу үшін қажет.
Табыстау сенімнің, қауіпсіздіктің және халықпен жұмыс істеудегі заманауи тәсілдің символына айналған Қазақстан полициясының 33 жылдығына арналған республикалық имидждік науқан аясында өтті.
- Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру - бұл азаматтардың қолайлығына жасалған қадам ғана емес, сонымен қатар ашық және заманауи полицияның элементі. Біз цифрлық Қазақстанды қолдаймыз және халық пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды ашық, жылдам және қолжетімді ететін пилоттық жобаларға белсене қатысамыз, - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.
Жақын арада жаңа онлайн сервисті пайдаланушылар санының артуы күтілуде, себебі цифрлық шешімдер уақытты үнемдеуге және құжат айналымын барынша азайтуға мүмкіндік береді.