Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғыны есірткімен ұсталды

Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері «Бөгет» жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз есірткі сақтаған азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері Алматы-1 вокзалындағы күту залында Крис атты қызметтік иттің көмегімен күдік келтірген 41 жастағы О. есімді азаматты тексерген кезде оның қалтасынан полиэтилен пакетке ораған иісі өткір ұнтақ тапты.

Сонымен қатар оның екінші қалтасынан сіріңке қорабына салынған тағы бір ұнтақ табылып, екі факт бойынша сот-химиялық сараптамасы тағайындалды. Күдіктінің айтуынша, екі орамды да ол №6 шағын аудандағы аллеядан тауып алған. Оның есірткі затына ұқсас ұнтақ екенін көрген соң, кейін өзі пайдалану үшін қалтасына салып алған. Күдікті –  Алматы қаласының тұрғыны, ешқайда жұмыс істемейді.

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру