Алматы тұрғынына полиция формасын киіп, суши жарнамалағаны үшін айыппұл салынды
Алматы тұрғынына полиция формасын киіп, суши жарнамалағаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында полиция формасын пайдаланып, суши жарнамасын түсірген жас жігітке қатысты әкімшілік шара қолданылды. Ол видеоны әлеуметтік желі арқылы таратқан.
– Мен – жаңадан бастап жатқан блогермін, бұл жарнаманы қызық болсын деп түсірдім және тараттым. Бұл заң бұзушылық екенін білмедім. Болашақта мұндай жағдай қайталанбайды, – деді Б.есімді азамат.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Б.есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 675-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және полиция формасын заңсыз пайдаланғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды, арнайы киім тәркіленді.