Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғынына полиция формасын киіп, суши жарнамалағаны үшін айыппұл салынды

Алматы тұрғынына полиция формасын киіп, суши жарнамалағаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы аясында полиция формасын пайдаланып, суши жарнамасын түсірген жас жігітке қатысты әкімшілік шара қолданылды. Ол видеоны әлеуметтік желі арқылы таратқан.

– Мен – жаңадан бастап жатқан блогермін, бұл жарнаманы қызық болсын деп түсірдім және тараттым. Бұл заң бұзушылық екенін білмедім. Болашақта мұндай жағдай қайталанбайды, – деді Б.есімді азамат.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Б.есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 675-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және полиция формасын заңсыз пайдаланғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды, арнайы киім тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру