Алматы жолдарында азаматтарды қабылдау жалғасуда
«Жолдағы қабылдау» профилактикалық және заңды түсіндіру науқаны бүгінде көпшілікке таныс. Бұл өте өзекті, өйткені халық жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында кеңестер мен заң көмегін ыңғайлы жерде және уақытта ала алады.
– 2021 жылы 16 және 17 шілдеде Алматы қаласының аумағында «Жолдағы қабылдау» республикалық науқанының келесі кезеңін өткізу жоспарланған. Бұл жолы ол онлайн-режимінде өтеді. Әдетте тұрғындармен диалог жол қауіпсіздігі бойынша азаматтарды мазалайтын проблемалық сұрақтарды талқылау түрінде жүзеге асырылады. Полиция қызметкерлері ірі шаһар Алматыдағы жол қауіпсіздігі мәселесінің өзектілігін анық түсінеді. Сондай-ақ байланыс телефондары болатынын атап өткім келеді, мұнда азаматтар қоңырау шалып, полицияның қызметіне қатысты өздерін қызықтыратын кез-келген сұрақтарын қоя алады немесе WhatsApp-хабарламасын бүкіл науқан кезінде мына телефон нөмірі арқылы жібере алады: 8-776-777-78-98, – деп хабарлады Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Сонымен қатар осы күндері әкімшілік полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметі басшылығының қатысуымен тікелей эфирлер өткізу жоспарлануда. Қосу туралы хабарландырулар алдын-ала орналастырылады.