Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да екі ер адам мал ұрлығымен айналысқан

СҚО-да мал ұрлығымен айналысқан екі ер адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр айының ортасында Мамлют ауданындағы ауылдардың бірінде бақташы байлаудағы жылқының жоғалғанын анықтады. Өз күшімен іздеу еш нәтиже бермеді. Кейін табын иесі Мамлют ауданының полиция бөліміне жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аудандық ПБ жедел уәкілдері екі күдіктіні анықтады. Оның бірі – 34 жастағы бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған Қызылжар ауданының тұрғыны болып шықты. Биылғы жылы ол Жамбыл ауданында екі қой ұрлағаны үшін ұсталды. Сол кезде күдікті мал иесімен татуласқан. Енді оның жәбірленушілердің кешірімін алуына жол жоқ. Онымен бірге бұрын қарақшылық үшін сотталған 43 жастағы Петропавл тұрғыны ұсталды.

Екі фигуранттың аудан аумағында тағы бір жылқы мен үш қошқарды ұрлауға қатысы бары анықталды.

Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (Мал ұрлау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Күдіктілердің айтуынша, олар жалға алған көлікпен қозғала отырып, еркін жайылымда жүрген малдарды немесе бақташының басындағы орын алған жағдай сияқты қараусыз қалған малдарды аңдыған. Малдарды оның бірінің жер үйінің ауласында мүшелеген, қасапшылардың қызметін пайдаланған, олардың ұрланған мал еті екендігіне күдіктері болмаған. Қазіргі уақытта күдіктілер тергеу изоляторында қамауда, – деп тоқтала кетті аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Иса Мұстафин.

Жыл басынан облыста 18 мал ұрлау фактісі тіркеліп, бүгінгі таңда оның 16-сы ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру