Алматы жолдарында бағдаршамдар іске қосылды
Алматы жолдарында бағдаршамдар іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік полицияның мәліметі бойынша Алматы қаласының Жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ЖҚБАЖ) жаңғыртудың, қайта құрудың және дамытудың бірінші кезеңі бойынша жұмыстар аяқталып, жүйеге 93 бағдаршам нысаны қосылды.
– Қазіргі күні УПО ғимараттарын жөндеу жұмыстары аяқталды, қызметтік бөлме мен детекторлық зертхана жабдықталды, 93 бағдаршам нысанында Euro контроллерлер орнатылды. ЖҚБАЖ-ға 357 бағдаршамды қосу бойынша екінші кезеңдегі жұмыстар 2022 жылға жоспарланған. Екінші кезең аяқталғаннан кейін жүйе нақты уақыт режимінде бағыттар бойынша нақты қозғалыс қарқындылығын, статистиканы есептеуді және көлік қозғалысы қарқындылығын талдауды, бейімделу режимінде кері санақ тақтасының жұмысын ескере отырып, қиылыстардағы қозғалысты реттеуді қамтамасыз етеді, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.
Сонымен қатар, таңдалған саясаттар – абсолютті немесе тіркелген (таңдау бойынша) ескеріле отырып, қоғамдық көліктер мен жедел қызметтерінің көліктері қозғалысының басымдығы іске асырылатын болады.
2-кезеңді іске асыру нәтижелері бойынша осы жүйені енгізу тиімділігінің маңызды көрсеткіштері мыналар болады:
Көлік өткізу қабілетін арттыру (18-20%)
Жол жүру уақытын қысқарту (15-25%)
Жол бойындағы аялдамалар санының азаюы (20-40%)
Атмосфераға шығатын шығарындылар көлемін азайту (- 7%)
Жанармай шығынын азайту (5-10%)
Қоғамдық көлік қозғалысының кешігуін азайту (20-60%)