Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ақбөкен” ЖАІШ: Маңғыстау облысында 80 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Маңғыстау облысында 80 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 желтоқсаннан бастап Маңғыстау облысының аумағында “Ақбөкен” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу. Киіктерді браконьерлікпен, олардың дериваттарын және фаунаның басқа да түрлерін өткізумен, сатып алумен маманданатын ҰҚТ қызметінің жолын кесуге ерекше назар аударылады.

Мәселен, операцияның 20 күнінде ҚР ӘҚБтК 382-бабы (Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу) бойынша 80 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша сараланатын жеті қылмыс фактісі ашылды. Оның ішінде: қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру – бес, сирек кездесетін және Қ
құрып кету қаупі төнген, сондай – ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану – бір, балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау – бір.

– Полиция және мүдделі органдар тұрақты негізде өзара ақпарат алмасып, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша мақсатты жұмыс жүргізеді. “Ақбөкен” кең ауқымды акциясын өткізу кезеңінде киік мүйіздерінің заңсыз айналымына және оларды елден тыс жерлерге әкетуге қарсы күрес жөніндегі шаралар күшейтілді. Киіктердің браконьерлігіне және оның дериваттарын, сондай-ақ жабайы фаунаның басқа да түрлерін өткізуге маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмысты күшейту мақсатында. “Ақбөкен” жедел алдын алу іс-шарасы Маңғыстау облысында 31 желтоқсанға дейін жалғасады, – деді Маңғыстау облысы ПД бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру