Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер металл ұрлағандарды ұстады

Қарағандылық полицейлер металл ұрлағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 желтоқсан күні Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері, гараждар орналасқан аумақтың бірінен, тәртіп сақшыларын байқап, қашып кетпек болған азаматты ұстады.

Ұсталған 21 жастағы жігіт гараждың қабырғасын бұзып, металл ұрламақ болғанын мойындады. Полицейлер жәбірленуші – 28 жастағы қала тұрғынын анықтады, ол келтірілген шығынды 600 мың теңгеге бағалады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру