Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері ұялы телефоннан ақша жымқырған жігітті ұстады

Түркістан полицейлері ұялы телефоннан ақша жымқырған жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, тамыз айында ұялы телефонын жоғалтып алған. Содан үш айдан соң, жәбірленуші жоғалтқан ұялы телефонын үйінің ауласынан тауып алады. Алайда жәбірленуші телефонындағы банк қосымшасынан 100 мың теңге ақша жоқтығын көреді. Ақшасының ұрланғанын көрген жәбірленуші бірден полицейлерден көмек сұрайды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Кентау қаласының полицейлері ақшаны жұмқырған ер адамды Қарнақ ауылынан ұстады. Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің танысы болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болу және телефондарды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру