Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы жолдарында бір тәулікте 10 мас жүргізуші анықталды

Алматы жолдарында бір тәулікте 10 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін хабарлағандай, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 20-30 қараша аралығында қалада «Құқықтық тәртіп» жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ол вандализм деректерін, мүліктік залал келтіруді, ұсақ бұзақылықты, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

– «Буран-315» патрульдік экипажымен Рысқұлов даңғылының бойында Mazda көлігі тоқтатылды, оның жүргізушісі көлікті агрессивті түрде тізгіндеп, өзіне назар аудартты. Оның ішімдік ішкені белгілі болды, оны медициналық сараптама растады. Т.есімді азамат көлік құралын басқарудан шеттетілді және ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен ол 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Осы уақытта «Буран-304» патрульдік жасағы Жансүгіров көшесінің бойында Honda автокөлігін тоқтатты. Оның жүргізушісі осы жылдың қыркүйек айында қарсы жолға шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған. 1996 жылы туған К.есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Екі көлік те мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру