Алматыда «102» қызметінің операторларына 311 мың қоңырау келіп түсті
Алматыда «102» қызметінің операторларына 311 мың қоңырау келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері күн сайын, тәулік бойы полицияның «102» телефон нөмірі бойынша ақпарат алады, қаладағы жедел жағдайдың жай-күйін бақылайды, қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарламаларға жедел әрекет ету үшін қызметтер мен бөлімшелердің әрекеттерін үйлестіреді.
– Ағымдағы жылдың алты айында «102» батырмасына 311 мың қоңырау келіп түскен, 2020 жылдың 12 айында полицияның «жедел желі» операторлары 636 мың 174 қоңырау қабылдады. Алынған телефон қоңыраулары электронды картамен рәсімделеді және аймағына сәйкес ЖБО мен аудандық полиция басқармалары күштері мен құралдарын басқару тобының кезекші инспекторларына беріледі. Құқық бұзушылық туралы хабарламаларға жедел жауап беруді қамтамасыз ету үшін ПД ЖБО кезекші құрамында күн сайын 26 қызметкер кіріседі, олар қоңырауларды қабылдайды, жасақтарды басқарады және патрульдік жасақтардың жұмысына бақылау жасайды, – деді Алматы қалалық ПД Жедел басқару орталығының бастығы Андрей Квашнин.