Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қоғамдық көлікте ұялы телефон ұрлаған қалта ұрысы ұсталды

Шымкентте қоғамдық көлікте ұялы телефон ұрлаған қалта ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 30 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу сөмкесінде тұрған құны 200 000 теңге тұратын “Iphone 7” маркалы ұялы телефонын қоғамдық көлік ішінде ұрлап кеткенін көрсеткен.

Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №22 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру