Алматыда 42 жастағы әйелді өлтірген күдікті анықталды
Бұл қылмыс 8 қазан күні сағат 23.00 шамасында қаланың Алмалы ауданында орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Көптеген пышақ жарақатымен қаладағы жақын жердегі ауруханаға жеткізілген 1980 жылы туған А. есімді азаматша 12 қазанға қараған түні медициналық мекемеде қайтыс болды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Бұл қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Күдікті анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.