Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 89 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматыда балаларының түнгі уақытта сыртта жүргені үшін 89 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасындағы жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында осы жылдың 27-30 қаңтар аралығында Алматы қаласында ПД-ның қызметтері мен мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен “Жасөспірім және Заң” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

– Іс-шараның екі күнінің ішінде ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 128 жасөспірім жеткізілді, оның 89-ы түнгі уақытта. Қараусыз және панасыз қалған 14 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сонымен қатар 14 кәмелетке толмаған құқық бұзушы мен 16 тұрмысы нашар отбасы анықталып, ішкі істер органдарына есепке алынды, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Сондай-ақ полицияда, ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік” қағидаты бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылып жатқанын айтты.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қаланың білім беру ұйымдарында 98 дәріс пен семинарлар өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру