Адасып кеткен 4 жасар бала отбасымен қауышты
Алматы облысында полицейлер адасып кеткен төрт жасар баланы ата-анасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері баланы торт, шай және кәмпитпен тамақтандырып, жұбатқан.
Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының орталық көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері өз үйін таба алмай жылап жүрген баланы кездестірген. Тәртіп сақшылары баланы тыныштандырып, оны аудандық полиция бөліміне алып келген. Онда оны шаймен, тортпен тамақтандырып, артынша оның ата-анасын іздестіруді ұйымдастырған.
Баланың отбасы Ұзынағаш ауылының шетінде тұратыны анықталды.
«Нәтижесінде біз 29 жастағы баланың анасын таптық. Төрт жасар баланың велосипедпен ойнап, ата-анасынан алысқа кетіп қалғаны анықталды. Бала үйінің орналасқан жері мен ата-анасының есімдері туралы еш нәрсе айта алмады. Дегенмен, біздің патрульдік полиция қызметкерлері жоғалған баланың анасының жеке басын анықтады. Бұл орайда, ұлын іздестіре бастаған ана да баласы мен біздің қызметкерлерімізді көріп қатты қуанды»,- дейді Алматы облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің басшысы Асхат Тегенбаев.
Полиция қызметкерлері баланы жауапкершілікпен қарау туралы қатаң ескерте отырып ата-анасына тапсырды. Ал төрт жасар Айсұлтанның ата-анасы жоғалып кеткен ұлдарын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді.