Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда апаттан жарақат алған екінші полиция қызметкері қайтыс болды

Таңертең сағат 05.30 шамасында Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында болған жол-көлік оқиғасында жарақат алған полиция сержанты Дастан Әбдіканов есін жимастан ауруханада қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске салсақ, осы апат салдарынан полиция аға лейтенанты 1978 жылы туған Жалғас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болды.


№4 бақылау-өткізу пунктінің бетон қоршауына, содан кейін патрульдік көлікке соғысқан жүргізуші мас күйінде болған.
Жеке іс материалдарынан: Жанғазиев Жарас Сұлтанғазыұлы, 1978 жылы туған, Батыс Қазақстан облысының тумасы. Құқық қорғау органдарында 2001 жылдан бастап қызмет етті. Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отырған (оқиға орнында қайтыс болды).


Полиция сержанты Әбдіканов Дастан Маратжанұлы, 1994 жылы туған, Алматы қаласының тумасы. Ол полицияда 2016 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, бір ұл тәрбиелеп отырған (1 айлық) (ауруханада қайтыс болды).


Алматы полиция Департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қызмет бабын орындау кезінде қайтыс болған әріптестерінің туыстарымен қайғырып, олардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру