Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып өтпек болды: полицей оқиға орнында көз жұмды

Алматыда мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып өтпек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 05: 26-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 1992 жылы туған “BMW” маркалы автокөліктің жүргізушісі, А.есімді қала тұрғыны #4 бақылау-өткізу бекетіне соқтығысты.  Алдымен бетон қоршауға барып тиген, содан кейін инерциямен патрульдік көлікке соғысқан, оның салонында екі полиция қызметкері болды.


Өкінішке орай, патрульдердің бірі, 42 жастағы Жарас Жанғазиев алған жарақаттардан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Оның әріптесі, Дастан Абдықанов жақын жерде орналасқан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.


“BMW” жүргізушісі қамауға алынды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Алматы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қызмет бабында қайтыс болған Жалғас Жанғазиевтің отбасына қайғырып көңіл айтады және орны толмас қайғыға ортақтасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру