Алматыда апаттық жағдай жасаған қоғамдық көліктің жүргізушісі жазаланды
Алматыда апаттық жағдай жасаған қоғамдық көліктің жүргізушісі жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 18 мамырында «Facebook» әлеуметтік желісінде қоғам қайраткері Саида Таукелованың жариялаған жазбасына жауап аясында, жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, «Голден Драгон» маркалы автобустың жүргізушісі, 1987 жылы туған Б. есімді азамат ҚР ӘҚбК-нің 606-бабы 1-бөлімінде көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар құқық бұзушымен түсіндірме әңгімесі жүргізілді. Қоғамдық көліктің жүргізушісі Назарбаев даңғылымен солтүстік бағытта жүріп келе жатып, Абай даңғылынан солтүстікке қарай, кедергілердің жоқтығына сенімді болмастан, шет жақтағы оң жақтан сол жаққа ауысты, сол арқылы апаттық жағдай тудырғаны анықталды, бұл ауыр ЖКО әкелуі мүмкін еді.