Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерлан Тұрғымбаев Беларусь Ішкі істер министрі орынбасарымен кездесті

Ерлан Тұрғымбаев Беларусь Ішкі істер министрі орынбасарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Беларусь Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ішкі әскерлер қолбасшысы Николай Карпенковпен кездесті.

Министр қонақты қазақстандық полицияны реформалау барысымен, жұмыстың сервистік моделін енгізу, халықпен кері байланыс орнату, заманауи қауіпсіздік жүйелері және басқа да жаңалықтар туралы таныстырды.

Ведомство басшысы екі елдің ішкі істер министрліктерінің өзара қарым-қатынасының, соның ішінде қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, іздестіру жұмыстарын жүргізу, көші-қон бақылауы, сондай-ақ кадрлар даярлау бойынша өзара қарым-қатынасының жоғары деңгейін атап өтті.

– Біздің ведомстволар арасындағы ынтымақтастық
қоғам мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді шешуге қолдау көрсету және өзара көмек көрсетуге негізделген. Бүгін бізде өзара іс-қимыл аясын кеңейтуге мүмкіндік бар, – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Өз кезегінде Николай Карпенков алғысын білдіріп, халықаралық қылмысқа қарсы іс-қимылда бірлескен күш-жігердің тиімділігін арттыру мақсатында тікелей байланыстардың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарлары айқындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру